Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен жұптасып, Эсторилде (Португалия) өтіп жатқан халықаралық турнирдің жұптық сынында финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалдық кездесуде Недовесов/Эскобар жұбы С.Жилле (Бельгия)/Й.Флиген (Бельгия) дуэтін 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 11 минутқа созылды.

Турнирдің финалында Қазақстан-Эквадор дуэті С.Думбиа/Ф.Ребуль - С.Вайссборн/Р.Арнеодо кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.