19 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдер құрамасы 2024 жылы Тбилисиде (Грузия) өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Орынбасар Дәуренбекова шәкірттері екінші кездесуін солтүстік ирландиялық құрдастарына қарсы өткізді, ойын Михаил Месхи атындағы стадионда өтті. Матч 0:0 есебімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан WU-19 құрамасы Солтүстік Ирландия, Эстония және Грузия құрамаларымен бірге «В» лигасының 5-тобына енді.