25 жастағы бразилиялық қорғаушы Эливелтон талдықорғандық «Жетісу» командасының қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бразилиялық «Виторияның» 25 жастағы түлегі талдықорғандық «Жетісу» командасының қатарына қосылды. Бұған дейін ол «Гоятуба» командасының құрамында Гояно лигасының (Бразилия) екінші дивизионында ойнаған.