Футболдан Беларусь чемпионатының Жоғарғы лигасының үшінші турындағы ойында «Сморгон» сырт алаңда «Минскіні» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:2 есебімен аяқталды.

Сморгонның қазақстандық қорғаушысы Микаэль Асқаров қосалқы құрамда қалды. Оның командасы үшін бұл маусымдағы алғашқы жеңіс болды.

«Сморгон» 3 ұпай жинап, Жоғарғы лиганың турнирлік кестесінде жетінші орынға көтерілді, «Минск» 1 ұпаймен 14-орынға түсті.