Қазақстандық Анастасия Городко Вальмаленкода (Италия) Кьеса қаласында фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда қазақстандық 71,89 ұпай жинап, бірінші орын алды.
Әлем чемпионатында екінші орынды жапондық Марин Ито иеленді – 71,35. Үздік үштікті Юма Тагучи (Жапония) түйіндеді – 69,96.
Айта кетейік, 2022 жылғы соңғы әлем чемпионатында Городко үш жүлде алған болатын.
Комментарии