Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Барлеттада (Италия) өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда қазақстандық теннисші италиялық Риккардо Бонадиомен кездесті. Кездесу 7:5, 7:5 есебімен Скатовтың пайдасына аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшы екінші айналымда австриялық Филип Миссоличті 6:4, 6:3 есебімен жеңген болатын.

Фото: Андрей Ударцев