Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі бас бапкер Магомед Адиевке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Магомед Адиев «Ахмат» ФК бас бапкері атанды.Магомед Мұсалы ұлттық құрама мен грозныйлық клубты бірге жаттықтырады», - деп жазылған ҚФФ-ның Инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, Магомед Адиев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына 2022 жылы тағайындалған еді. Ресейлік маман «Анжи», ЦСКА, «Спартак», «Терек» және қазақстандық «Жеңіс» секілді танымал футбол клубтарында ойнады. Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, «Ахмат», «Анжи», «Чайка» командаларын жаттықтырды.