Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан (63,5 келі) Париж Олимпиадасына жолдама сарапқа салынатын барлық жарыстарға қатыса алмайды. Оған басты себеп – жасының 19-ға толмауы.

Бұл туралы боксшының жеке бапкері Ілияс Оралбеков мәлімдеді.

«Өкінішке қарай, Төрехан шәкіртім спарингке қатыспайды. Халықаралық Олимпиада Комитеті Төрехан Сабырханның (жасы 18-де) рұқсат елтілген шекті 19 жасқа толмауына байланысты қатысуға шектеу қойды. Қолдағандарыңызға көп рахмет, жеңісті күндеріміз әлі алда», - деп жазды Төрехан Сабырханның жеке бапкері.

Осыдан бірер күн бұрын Астанада 8-10 сәуір күндері өтетін спаррингтік турнирге 63,5 келіде қатысатын боксшылар анықталған болатын. Бұл салмақта жастар құрамасында өнер көрсететін Төрехан Сабырханға Олимпиаданың лицензиялық турниріне жолдама беретін спаррингтік жекпе-жектерге қатысуы тиіс еді. Алайда, ол 19 жасқа толмауына байланысты аталған бәсекеге қатыстырылмайтын болды.