Хоккейден Қазақстан құрамасы мамыр айында Астана қаласында Ресей және Беларусь құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Елордада 2-4 мамыр аралығында Qazaqstan Hockey Open турнирі жалауын көтереді. Оған Қазақстан, Ресей және Беларусь құрамалары қатысады.

Турнирдің ойын кестесі:

2 мамыр. Ресей - Қазақстан

3 мамыр. Қазақстан - Беларусь

4 маямыр. Ресей - Беларусь.

Бұл Қазақстан құрамасы үшін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындық болады. Әлем чемпионаты 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді. Топтық кезеңде ұлттық құрама АҚШ, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция және Польшамен сынға түседі.

Айта кетсек, былтыр шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.