Асланбек Шымбергенов 71 килограмға дейінгі салмақ дәрежесіндегі әуесқой боксшылар арасындағы рейтингте көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымбергенов – 2023 жылғы әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы. Оның әуесқой рингтегі рекорды – 99-20. Аталған рейтингте екінші орында өзбекстандық былғары қолғап шебері Асадхужа Муйдинхужаев тұр. Ал үшінші орынға оның отандасы Сайджамшид Жафаров орналасқан.

Асланбек Шымбергенов Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді. Ол ақтық сында Әзербайжан өкілі Сархан Алиевпен қолғап түйістіріп, сенімді жеңіске қол жеткізді. 30 жастағы қазақстандық боксшы биыл алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысады.