Бокстан Қазақстан жастар командасының бапкерлер құрамында өзгерістер болды.

ҚР Бокс федерациясы мәлім еткендей, Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері қызметіне Қайрат Сәтжанов тағайындалды. Ол бұл міндетті атқарған Әділ Басығараевты алмастырды.

Қайрат Сәтжанов еңбек жолында жасөспірімдер командасынан бөлек, бас құраманы да жаттықтарған. Оның жетекшілігімен қазақстандық боксшылар Сербияда өткен әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған болатын.

Қыздар командасында да бапкерлер ауысты. Қыздар арасындағы жастар құрамасына Жангелді Ахметов аға бапкер болып тағайындалды.

Сонымен қатар бокстан Қазақстан жасөспірім ұлдар командасына Мақсат Оспанов, жасөспірім қыздар командасына Айбек Әбілдә жетекшілік етеді.