Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың (18-1, 9 КО) келесі жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Бекманның жекпе-жегі 27 сәуірде Алматыда өтетін IBA Night of Champions турнирі аясында жоспарланған. Adal Promotions промоутерлік компаниясының хабарлауынша, Сойлыбаев Азия чемпионатында қола және алтын, ал әскерилер арасындағы әлем чемпионатында күміс алған моңғолиялық Харху Энх-Амармен жұдырықтасады.

Жекпе-жек 60 келі салмақта өтеді және алты раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, 2023 жылы желтоқсанда Түркияның Трабзон қаласында өткен кейінгі жекпе-жегінде Сойлыбаев өзбек боксшысы Мирзамұхаммад Хикматуллаевты техникалық нокаутпен жеңген болатын