Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Эквадор теннисшісі Гонсало Эскобармен бірге, Эсторилде (Португалия) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финал кезеңінде Недовесов пен Эскобар Педро Мартинес (Испания) / Педро Качен (Аргентина) жұбымен кездесті.

Кездесуде 6-3, 6-2 есебімен Александр мен Гонсало жеңіске жетті.