Бүгін Бельгияның Антверпен провинциясында жыл сайынғы бір күндік шосседегі «Шелдепреис» веложарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бельгиялық классикалық жарыстың жеңімпазы Soudal Quick-Step командасының өкілі Тим Мерлиер болды. Джеспер Филиппсен мәреге екінші келді. Үздік үштікті Джейко АлУла командасының шабандозы Дилан Гроневеген түйіндеді.

«Астананың» голландиялық шабандозы Кис Бол жеңіс тұғырына көтерілуге сәл ғана қалды. Спортшы төртінші болып мәреге жетті.