22 жастағы қазақстандық шабуылшы Абылайхан Жұмабек өзара мәміле аясында «Ақтөбе» футбол клубымен арадағы келісімшартын бұзысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жас ойыншы 2023 жылдың басында ақ-қызылдар сапын толықтырып, барлық турнирлердегі 22 матчта бір гол соқты және бір нәтижелі пас берді. «Ақтөбемен» бірге форвард Қазақстанның қола жүлдегері атанды.

«Ақтөбе» футбол клубы Абылайханға бірлесіп атқарған еңбегі үшін алғыс білдіре отырып, ілгергі мансабына сәттілік тілейді», - делінген клуб хабарламасында.