Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2023 жылы 12 айында атқарылған жұмыстары туралы есеп жариялады, онда «Ордабасы» футбол клубының былтырғы шығындары да айтылған, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Балалар футбол орталығына – 1,2 миллиард теңге. Футболдан Премьер-Лига ойындарына қатысу қызметіне – 1,2 миллиард теңге. Футболдан Конференция лигасының ойындарына қатысу қызметіне – 1,4 миллиард теңге. Футболдан спортшылардың жалақысы – 1,1 миллиард теңге», - делінген құжатта.

Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен «Ордабасының» салық берешегін өтеуге 2 миллиард 227,5 миллион теңге төленгені айтылған.

«Ордабасы» биыл Қазақстан Премьер-лигасының жеңімпазы атанған, ал биыл шымкенттік команда Чемпиондар лигасында ойнайды.