«Ахмат» спорт директоры Руслан Газзаев команданың бас бапкері қызметіне Магомед Адиев шақырылғаны туралы ақпарат жайында пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл туралы ештеңе білмеймін. Иә, басшылық пен жанкүйерлердің команда нәтижесіне көңілі толмайды. Бірақ «Ахматтың» бас бапкері бар - Мирослав Ромащенко. Ол команданы алдағы матчтарға дайындап жатыр. Оның қолынан бәрі келеді деп ойлаймын, артық ештеңе қоса алмаймын», — деді Газзаев Metaratings.ru сайтына.

Бұған дейін ресейлік басылымдар Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Ахматтың» тізгінін ұстауы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Ромащенко «Ахмат» тізгінін 2023 жылы тамызда ұстаған. Қазір «Ахмат» 21 ойыннан кейін 20 ұпай жинап, 12-орында келе жатыр.