Футболдан Ресей кубогының Аймақтар жолы екінші кезеңінің матчында «Ростов» сырт алаңда «Химкиді» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің негізгі уақыты тең аяқталды.

Пенальтилер сериясында қонақтар дәлірек болды – 7:6.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Лев Скворцов бүкіл матчты «Химки» сапында қосалқы құрамда өткізді

Осылайша, ростовтықтар Ресей кубогының Аймақтық жолының жартылай финалына шықты. «Химки» турнирден шығып қалды.