Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (201 ATP) Мехико қаласында (Мексика) өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық зимбабвелік спортшы Бенджамин Локты (359 ATP) 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жігерлі жеңді.

Матчтың ұзақтығы 2 сағат 27 минутты құрады.