Қазақстандық теннисші Татьяна Николенко Хаммаметте (Тунис) өтіп жатқан ITF турнирінде жұптық сында дебюттік кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бельгиялық теннисші Саат Коппеспен бірге Қазақстан спортшысы неміс-американдық дуэт Антония Шмидт – Габриэла Виларға қарсы ойнап, екі сетте 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бұл ойын Тунис турнирінің 1/8 финалында өтті.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы қазір WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде жұптық сайыста 1130-орында тұр.