Әлемнің 110-ракеткасы, америкалық Кэти Волынец Чарлстондағы турнирдің бірінші айналымында Нидерланды теннисшісі Аранчу Русты 6:2, 6:7 (6), 7:6 (6) есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, кездесу 3 сағат 43 минутқа созылып, бұл WTA-дағы жылдың ең ұзақ ойыны болды.

Чарлстондағы турнир 1-7 сәуір аралығында өтеді. Әйелдер арасындағы жекелей сында жалпы жүлде қоры 922 мың доллар.