1 сәуірде Түркияның Анталия қаласында пара дзюдодан Гран-при 2024 дәстүрлі халықаралық турнирі басталды, онда қазақстандықтар бірінші күні екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдымен пара дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта (J1) жарыстың қола жүлдегері атанды.Даяна Федосова 57 келі салмақта (J2) команда қоржынына тағы бір қола медаль салды.

Жарыс 4 сәуірге дейін жалғасады. Бұл турнирге Қазақстан атынан 10 ер және жеті әйел спортшы қатысып жатыр.