Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Николай Шваб (11-0, 7 КО) бір жылдан астам уақыт үзңлістен кейін рингке қайта оралуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Швабтың келесі жекпе-жегі 15 маусымда АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Анкасвилл қаласында өтеді. Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ.

Николай Шваб кейінгі жекпе-жегін 2023 жылдың ақпан айында Доминикан Республикасында өткізіп, венесуэлалық боксшы Эльбер Рохасты (23-10-2, 20 КО) үшінші раундта нокаутпен жеңді. Айта кетейік, қостанайлық үшін алдағы жекпе-жек 2022 жылдың желтоқсанынан бері АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жек болады.