Бүгін жыл сайын өтетін «Баск елінің туры» атты көпкүндік шосседегі веложарыс басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші кезеңнің жеңімпазы BORA - hansgrohe командасының шабандозы Примоз Роглич атанды. UAE Team Emirates велошабандозы Джей Вайн мәреге екінші болып келді. Үздік үштікті Lidl - Trek шабандозы Маттиас Скельмос Йенсен түйіндеді.

«Астана» сапында үздік нәтижжені Самуэле Баттистелла көрсетті. Ол мәреге 58-болып жетті. Одан кейін мәреге қазақстандық Игорь Чжан келді.