«Қайрат» академиясының екі түлегі өскемендік «Алтай» командасына жалға алынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алтай» құрамын 20 жастағы жартылай қорғаушы Жаннұр Көкеев пен 20 жастағы жартылай қорғаушы Диас Күшкімбаев толықтырды.

Көкеев пен Күшкімбаев «Қайрат-Жастар» сапында 2021-2023 жылдар аралығында Бірінші лигада өнер көрсетті. Сондай-ақ екі ойыншы да Қазақстан жастар құрамасы (U16, U17 және U19) матчтары қатысты.

Жаннұр – Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы, «Астана», «Шахтер», «Қайрат» және «Ақтөбе» командаларында өнер көрсеткен Жамбыл Көкеевтің інісі.

Екі ойыншы да «Алтайда» жалда ойнайды.