«Хан-Тәңірі» футбол клубы команда бас бапкері болып Асқар Сейдахметұлы Қожабергеновтың тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.«Асқар Сейдахметұлы «Ертіс» «Тобыл» «Жетісу» «Атырау» «Мақтаарал» және тағыда басқа клубтарда бас бапкер қызметін атқарған. 2022 жылы «Хан-Тәңірімен» Екінші лига чемпионы атанды.«Хан-Тәңірі» футбол клубы Асқар Сейдахметұлына команда тізгінінде үлкен жеңістері көп болсын деп, сәттілік тілейді», - делінген клуб хабарламасында.