Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев (18-1, 9 КО) келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін білді, деп хабарлайды Prosports.kz Adal Promotions компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бекман Сойлыбаев рингке оралады!«Adal Promotions» боксшысы Бекман Сойлыбаев келесі жекпе-жегін 27 сәуірде Алматыда IBA Night of Champions турнирінде өткізеді.Алдағы күндері боксшымыздың қарсыласы туралы хабарлайтын боламыз!», - деді «Adal Promotions».

Айта кетейік, 2023 жылы желтоқсанда Түркияның Трабзон қаласында өткен кейінгі жекпе-жегінде Сойлыбаев өзбек боксшысы Мирзамұхаммад Хикматуллаевты техникалық нокаутпен жеңген болатын