Британиялық Колумбия хоккей лигасының кезекті маусымының матчында «Чилливак Чифс» командасы «Нанаймо Клипперсті» 3:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Владимир Никитин «Чилливак Чифс» клубында өнер көрсетеді. Кейінгі ойында ол 29 соққыны тоқтатты.

Биылғы маусымда 19 жастағы қақпашы Британиялық Колумбия хоккей лигасының тұрақты маусымында 25 матч өткізді, сақталған соққылардың пайызы 89,8, сенімділік коэффициенті 2,76 болды.