Сербияның Пожаревац қаласында тау велосипедінен SERBIA EPIC ŠKODA POŽAREVAC XCO халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Алина Сарқұлова күміс жүлдені жеңіп алды.

1. Вираг Бузаки (Венгрия) - 1:27:30

2. Алина Сарқұлова (Қазақстан) - 1:30:06

3. Мария Шерстюк (Украина) - 1:32:40

...5. Татьяна Генелева (Қазақстан) - 1:35:23

Ерлер арасындағы жарыста қазақстандық Денис Сергиенко 5-орынға, Егор Карасев 7-орынға, Алексей Фефелев 9-орынға табан тіреді.