Transfermarkt Еуропадағы құрамы ең қымбат командалардың тізімін жариялады.

Көш басында - «Манчестер Сити». Ағылшын командасының жалпы құны 1,2 миллиард еуроны құрады.

Екінші орынға «Арсенал» жайғасты. Ойыншыларының жалпы құны 1,12 миллиард. Үштікті «Реал» - 1,04 миллиард түйіндеп тұр.

Рейтингтегі өзге командалар: «ПСЖ» (1,02 млрд евро), «Бавария» (929 млн), «Челси» (928), «Ливерпуль» (921), «Барселона» (840), «Тоттенхэм» (777) және «Манчестер Юнайтед» (734).