Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Хьюстонда (АҚШ) өткен соңғы іріктеу кезеңінде жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші іріктеу кезеңінің финалында қытайлық теннисші Ийбин Вудан 6:7, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 1 сағат 34 минутқа созылды.
Айта кетейік, негізгі кезеңнің жеребесі кейінірек тартылады.
Комментарии