Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінде күміс және қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Францияның Тхие қаласында көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі аяқталды. Қазақстандық Айбота Ертайқызы жеке есепте финалда өнер көрсетті.

Нәтижесінде гимнастымыз құрсаумен жаттығуда (32,7 ұпай) күміс жүлдегер атанса, доптан финалда (32,4 ұпай) қола жүлдегер атанды.