Бүгін маусымдағы екінші монументалды классикалық «Фландрия туры» жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші топта болған «Астана» көшбасшысы Кес бол жолда көрерменмен соқтығысып, жарысты жалғастыра алмады. Шабандоз жеңіл жарақаттармен аман қалды.

Қазақстандық спортшы Евгений Федоров Вольвенбергте дөңгелегін ауыстыруға мәжбүр болды, басқа шабандоздар оның ойынға қайта шығуына көмектесуге тырысты, бірақ істей алмады.

Қалған қазақстандық шабандоздар да жарысты аяқтай алмады.

Жеңімпаз Голландия шабандозы Матье ван дер Пул болды, шабандоз Alpecin - Deceuninck атынан шықты.