Франциялық файтер Манон Фиоро Атлантик-Ситиде (АҚШ) өткен UFC on ESPN 54 турнирінде америкалық Эрин Блэнчфилдті жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек турнирдің басты карды аясында өтті. Әйелдер арасындағы жеңіл салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек бес раундқа созылып, нәтижесінде төрешілер жеңісті Фиороға берді – 50:45, 50:45, 50:45.

Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде Хоакин Бакли бразилиялық Висенте Лукені техникалық нокаутпен жеңді.