ҚХЛ чемпионаты плей-офф кезеңінің жартылай финалының барлық қатысушылары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Гагарин кубогының финалына шығу үшін ярославльдік «Локомотив», челябинскілік «Трактор», екатеринбургтік «Автомобилист» және магнитогорскілік «Металлург» командалары күш сынасады.

«Локомотив» - «Трактор» сериясы 2 сәуірде басталады, келесі күні «Металлург» - «Автомобилист» сериясы басталады.