Шабуылшы Сергей Хижниченко өскемендік «Алтайда» карьерасын қайта бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

32 жастағы шабуылшының кейінгі клубы «Ақсу» болды. Хижниченко команда сапында 2022 жылғы маусымда ойнады, содан кейін ол екі жылға жуық еш жерде өнер көрсетпеді.

Өскемен футболының түлегі, спорттық карьерасын 15 жасында «Восток» клубында бастаған. Қазақстан құрамасы сапында 17 жасында дебютін өткізген. ҚПЛ-да ол «Атырау», «Шахтер», «Ақтөбе», «Тобыл», «Астана» және «Ордабасы» командаларында өнер көрсетті. Сонымен қатар, оның карьерасында польшалық «Корона» мен Белорусьтің «Шахтер» командасы болды.