Қазақстандық жокей Бауыржан Мырзабаев Dubai World Cup 2024 жарысында бақ сынады.

Жүлде қоры 12 миллион доллар болған бәйгеге 12 сәйгүлік қатысты. Жапониялық Dura Erede атты тұлпарды тізгіндеген Мырзабаев жарысқа бесінші нөмірде шықты.

Ол 2000 метр қашықтықты 2 минут 4 секундта бағындырып, сайысты бесінші орынмен аяқтады. Бұл нәтиже үшін 360 мың доллар сыйақы беріледі.

Ал мәреге Лаурель Ривер атты сәйгүлік бірінші болып келді.

Айта кетейік, осы бәйгеге қазақстандық тұлпар Қабирхан да қатысты. Ол ирландиялық жокей Патрик Доббспен бірге жарыс жолына шығып, мәре сызығын сегізінші болып кесті.