Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына дайындық барысында Норвегиямен жолдастық кездесу өткізеді.

Бұл кездесу 20 сәуірге белгіленген.

Шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 25 сәуір мен 5 мамыр аралығында Финляндияда өтеді.

Дүбірлі додада қазақстандық хоккейшілер 20 жылдық үзілістен кейін қайтадан бақ сынайды. Былтыр олар бірінші дивизионда жеңімпаз атанып, элиталық дивизионда ойнауға мүмкіндік алды.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Вантаа қаласында ойнайды. Қарсыластары – Швейцария, Чехия, Швеция және Канада.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

26 сәуір. 18:00. Швейцария – Қазақстан

27 сәуір. 18:00. Қазақстан – Швеция

29 сәуір. 18:00. Чехия – Қазақстан

30 сәуір. 22:00. Қазақстан – Канада.