Қазақстандық футболшы Артур Шушеначев Израиль біріншілігінде өзінің екінші голын соқты.

Шабуылшы ойын көрсететін «Хапоэль Беэр-Шева» клубы бүгін өз алаңында «Хапоэль Хайфа» командасын қабылдады.

Ойынның 73-минутында ол қарсыластар қақпасына гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлады.Бұл - қазақстандық футболшының Израиль біріншілігіндегі екінші голы. Қазірге дейін ол жаңа клубында жеті ойын өткізіп үлгерді.

А. Шушеначев 2016 жылдан бері ойын көрсетіп келеді. Бұған дейін қазақстандық «Тараз», «Қайрат» клубтарының намысын қорғады.

Биыл «Хапоэль Беэр-Шева» командасына ауысты.