Бүгін Анталия қаласында (Түркия) дзюдодан Әлемдік тур Grand Slam Анталия турниріне кіретін жарыстар өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

29-31 наурыз аралығында Түркияда өтетін «Үлкен дулыға» турниріне 93 мемлекет пен 628 дзюдошы қатысады.

Бүгін ерлер арасындағы екі салмақ дәрежесінде (73 келі, 81 келі) 2 қазақстандық татамиге шығады. Әйелдер арасындағы бәсекеде де екі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді: 63 келі және 70 келі.

Тікелей трансляция Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Оны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.