Футболдан Беларусь чемпионатында екінші тур ойыны өтіп, онда «Днепр» Дзержинскінің «Арсеналын» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Могилевтегі кездесудің нәтижесі голсыз тең аяқталды – 0:0.

Қос команданың құрамында да қазақстандық футболшылар өнер көрсетті. 65-минутта «Арсеналдың» шабуылшысы Матвей Герасимов ойынға енді. Екі минуттан кейін алаңға «Днепрдің» шабуылшысы Данил Анкудинов шықты.

Осылайша, «Днепр» мен «Арсенал» чемпионаттың басындағы жеңілістерден кейін маусымдағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді.