Қазақстандық Александр Недовесов эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге Жиронадағы (Испания) халықаралық турнирдің жұптық сында финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалдық кездесуде Недовесов/Эскобар жұбы С.Арендс (Нидерланды)/М.Мидделкуп (Нидерланды) дуэтін 6:3, 1:6, 10:4 есебімен ұтты.

Матч 1 сағат 9 минутқа созылды.

Турнирдің финалында Қазақстан-Эквадор дуэті Дж.Эйсерич (Франция)/А.Оливетти (Франция) жұбына қарсы ойнайды.