Қытайда туған қазақ спортшылар әлемге әйгілі UFC тұжырымына келісімшарт беретін іріктеу турнирде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Этникалық қазақтар Дәрмен Заупанұлы мен Балғын Жеңісұлы UFC тұжырымына жолдама беретін Road to UFC турнирінде жекпе-жек өткізеді.

61 келіде жұдырықтасатын Дәрмен (8-1) жапондық Одзаки Ренмен (6-0-2) жекпе-жекке шықса, Балғын (16-5) үндістандық Кантарадж Агасаға (12-3) қарсы шығады. Жеңіске жеткен спортшылар жартылай финалға шығып, UFC тұжырымымен келісімшартқа отыру мүмкіндігіне ие болады.