Бейсенбі, 28 наурызда Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов өнер көрсететін «Бешикташ» командасы Фатих Карагумрук командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ыстамбұлдағы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. 25-минутта Кевин Лазанья Фатих Карагумрукты алға шығарды. 61-минутта Рачид Геззал таразы басын теңестірді.

Бұл матчқа Зайнутдинов «Бешикташтың» сапында ойнаған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 23 наурыз күні «Бешикташ» Черногорияның Подгорица қаласының «Будукность» клубын қабылдап, 5:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Бешикташ» Түркия Суперлигасының турнирлік кестесінде төртінші орында.