Alash Pride лигасы 2 мамыр күні Алматыда өтетін турнир жайында жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Турнирде өнер көрсететіндердің бірі Зәмзәгүл «Бопай» Файзолланова. Ол соңғы жекпе жектерін америкалық PFL лигасында өткізіп, барлығында жеңілген еді.

Сонымен қатар, бұл кеште орта салмақта лига чемпионы Рауан Бекболат та октагонға шығады.