Бельгияда «Дварс дор Фландерен» жыл сайынғы классикалық веложарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың жеңімпазы «Team Visma | Lease a Bike» командасының 24 жастағы америкалық велошабандозы Маттео Йоргенсон атанды. Екінші нәтижені «Uno-X Mobility» командасының норвегиялық шабандозы Йонас Абрахамсен көрсетті.Үздік үштікті «Groupama - FDJ» командасының швейцариялық велошабандозы Штефан Кюнг түйіндеді.

«Астана» шабандоздар арасындағы үздік нәтижені 41-болып келген Кес Бол көрсетті.