18 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Әбинұр Нұрымбет Беларусьтің «Гомель» футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның мерзімі осы маусымның соңына дейін жоспарланған.

2023 жылғы маусымның екінші жартысында Нұрымбет «Энергетик-БГУ» сапында өнер көрсетті. 12 матч өткізіп, 2 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді