«Астананың» жартылай қорғаушысы Макс Эбонг пен «Елімайдың» жартылай қорғаушысы Никита Корзун Беларусь құрамасы сапында Мальтаға қарсы жолдастық кездесуде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.

«Елімайдың» жартылай қорғаушысы Никита Корзун мен «Астананың» ойыншысы Макс Эбонг негізгі құрамда алаңға шықты. Елордалық клубтың жартылай қорғаушысы ойын сағатының соңында ауыстырылды.