Жазда Германияда өтетін футболдан Еуропа чемпионатының финалдық бөлігінің топтық кезеңіне қатысушылардың толық құрамы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сейсенбі күні шешуші плей-офф матчтары аяқталып, нәтижесінде Грузия, Украина және Польша құрамалары Еуроға жолдама алды.

Еуроның финалдық бөлігі 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді.

Топтардың толық құрамы келесідей:

А тобы – Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария;В тобы – Испания, Хорватия, Италия, Албания;С тобы – Словения, Дания, Сербия, Англия;D тобы – Польша, Нидерланды, Австрия, Франция;Е тобы – Бельгия, Словакия, Румыния, Украина;F тобы – Түркия, Грузия, Португалия, Чехия.