Испаниялық «Барселона» 2025 жылы ағылшындық «Манчестер Сити» мен Норвегия құрамасының ойыншысы Эрлинг Холанд үшін таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шілде айында 24 жасқа толатын норвегиялық шабуылшының «Манчестер Ситимен» 2027 жылға дейін келісімшарты бар.

Дереккөздің хабарлауынша, 2025 жылы «Барселона» қаржы мәселесін жаңа стадионның көмегімен шеше алады, бұл жаңа ойыншыларға ақша жұмсауға мүмкіндік береді. Қаржылық фэйр-плей қағидатын бұзғаны үшін клубты Ағылшын Премьер-Лигасынан шығару қаупі және бас бапкер Пеп Гвардиоланың келісім-шартының аяқталуы да Холландтың «Ситиден» кетуіне түрткі болуы мүмкін.

Айта кетейік, Холланд 2022 жылы Барселонаға ауысуға дайын болған, бірақ кейін қаржылық шектеулер каталондықтармен мәміле жасауға мүмкіндік бермеген.

Осы маусымда 23 жастағы шабуылшы «Сити» сапында 34 ресми матчта 29 гол соқты. Норвегиялықтың да ұлттық құрама сапында 30 ойын өткізіп, 27 гол соққан.